04
февраль
2026
«Жаратылыстану пәндері бойынша жасанды интеллектіні қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылықтарын арттыру»
Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында география пәні мұғалімі Қыстаубаева Құралай Максымовна, биология пәні мұғалімі Исафина Анар Қуанышевна, химия пәні мұғалімі Алдабергенова Арайлым Асқарқызы «Жаратылыстану пәндері бойынша жасанды интеллектіні қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылықтарын арттыру» тақырыбында шебер сынып өткізді.
Мақсаты: Жаратылыстану пәндерін оқытуда жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану жолдарын көрсету, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын күшейту және шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін дамыту.
Шебер сынып кіріспе бөлімнен басталып, қатысушыларға жасанды интеллект ұғымы, оның білім беру саласындағы маңызы мен мүмкіндіктері туралы қысқаша ақпарат берілді.
Негізгі бөлімде география, биология және химия пәндері бойынша жасанды интеллект платформаларын қолдана отырып, практикалық тапсырмалар көрсетілді.
Шебер сынып барысында қатысушылар жасанды интеллект құралдарын өз сабақтарында қолдану бойынша тәжірибе алмасып, пікір білдірді.
Қолданылған технологиялар мен платформалар:
•Roqed AI – оқу тапсырмаларын талдау және бейімдеу
•Mozaik – 3D визуализация, интерактивті модельдер
•Geopop – географиялық деректермен жұмыс
•Educaplay – интерактивті ойындар мен тапсырмалар
•Diffit – оқу материалдарын оқушы деңгейіне бейімдеу
•Mentimeter – кері байланыс пен сауалнама жүргізу
•Gemini – мәтін, идея генерациясы
•Story Book – цифрлық әңгіме құрастыру
•Dreamface – анимациялық бейнелер жасау
•Flow – оқу процесін жоспарлау
•Narakeet – мәтінді дыбыстау
•Suno – білім беру контентіне арналған әуендер
•Notion AI – сабақ жоспары мен контент дайындау
•PixVerse – визуалды бейнематериалдар құрастыру
Нәтижесі: Мұғалімдердің жасанды интеллект технологияларын қолдану дағдылары қалыптасты;
Жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылықты арттырудың тиімді жолдары айқындалды;
Қатысушылар жаңа платформаларды тәжірибеде қолдануға дайын екендіктерін көрсетті.