“Сабақ құрылымы: жетістікке жетудің негізі” » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Сабақ құрылымы: жетістікке жетудің негізі”
26
февраль
2026

“Сабақ құрылымы: жетістікке жетудің негізі”

Бүгін мектебімізде педагогика ғылымының магистрі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оразханқызы Нұржанат және педагогика ғылымының магистрі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Акматова Жадыра ұстаздарға арналған коучинг өткізді.

🎯 Тақырыбы:
“Сабақ құрылымы: жетістікке жетудің негізі”

🎯 Мақсаты:
Мұғалімдерге сабақтың құрылымын тиімді жоспарлаудың маңызын түсіндіру, сабақтың әр кезеңінің (ұйымдастыру, мақсат қою, жаңа білімді меңгерту, бекіту, рефлексия) өзара байланысын көрсету және құрылымы нақты, жүйелі ұйымдастырылған сабақ арқылы оқушы жетістігін арттыру жолдарын меңгерту.

Коучинг барысында қатысушылар сабақ кезеңдерін тиімді ұйымдастырудың жолдарымен танысып, тәжірибе алмасып, өз ойларымен бөлісті. Әр кезеңнің бір-бірімен тығыз байланыста болуы – сапалы білім мен жоғары нәтижеге жетудің кепілі екені атап өтілді.

✨ Шара жоғары деңгейде өтіп, ұстаздар өздеріне қажетті әдіс-тәсілдер мен құнды ақпараттар алды.